Мұстафа Өзтүріктің қызы қазақ тілін үйреніп жүр

Сырым Қаржас
Неслихан Өзтүрік. Фото: әлеуметтік желіден

Даңқты спортшы, таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы, 6-дан иегері, Қазақстанда таеквондо федерациясының негізін қалаушы Мұстафа Қабенұлы Әбдірахман Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік қазақ тілін үйреніп жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Спортшының қызы жүрегім қазақ, тілім жолда дейді. 

- Қазір мен қазақша үйреніп жатырмын. Мен сіздерге қолдауларыңызға көп рахмет келеді. Бұл мен үшін өте маңызды. Көп нәрсе айтқым келеді. Бірақ тілім келмейді. Сіздермен байланысты болғаныма қуаныштымын. Қазақша үйренемі. Оқуды, жазуды да үйренемін. Қазақстанға қояр сұрағым көп. Бірақ тілім келмей жатыр. Үйренемін, содан кейін сұрақтарымды қоямын, дейді Неслихан. 

МҰСТАФА ӨЗТҮРІК

Атақты таэквондошы 1954 жылы қарашаның 23-і күні Ыстамбұлда туған. Ол – 1930 жылдары аталары қиын-қыстау кезде Қытайдың Алтайына кетіп, ол жерден Үндістан мен Пәкістан арқылы Түркияға өткен қазақ диаспорасының өкілі. 

БАЛАЛАРЫ

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Мұстафа Өзтүріктің артында үш баласы қалды: бір ұлы мен екі қызы Мюнхен қаласында (Германия) тұрақты тұрады.

СПОРТТЫҚ ҒҰМЫРЫ

Спорт әлемінде өзіндік із қалдырған Мұстафа Өзтүрік таеквондодан қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.

1990 жылы көктемде Мұстафа Өзтүрік Қазақстанның билік өкілдерінің шақыртуымен тарихи атажұртына алғаш келеді. Күзде Өзтүрік қазақ жастарын таэквондоға баулу үшін Қазақстанға біржола орнығып, 1991 жылы Қазақстан таэквондо федерациясын құрады. 1992 жылы Қазақстан Халықаралық таэквондо федерациясының (WTA) мүшесі болады. Осы жылы Мұстафа Өзтүрік Қазақстан азаматтығын алады.