Катар мен БАӘ әуежайында әлі қанша қазақстандық елге қайта алмай отыр

Ulysmedia
Pixabay

ҚР СІМ басшысының орынбасары Әлібек Бақаев әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бұрын Дохада қалып қойған қазақстандықтар туралы сұрақтарға жауап берді,, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Үлкен жұмыс атқарылды. Катар және БАӘ әуе кеңістігін жауып тастады. Менің ойымша, бұл әскери шабуыл қауіпі кезінде қабылданатын қалыпты жағдай. Дохаға келетін болсақ, онда 1,5-2 күнге қалған транзиттік жолаушылар саны көп болды... Біріншіден, Qatar Airways біраз уақыттан кейін рейстерді жүзеге асыруды жалғастырдың. Біздің ұлттық тасымалдаушылар мен басқа да авиакомпаниялар жалғастырды, – деді Әлібек Бақаев.

Оның сөзінше, Қазақстанға 960 адам оралған.

– Тағы 300-ге жуық транзиттік жолаушы бар. Доха, Дубай қалаларын Қазақстан азаматтары ғана емес, жалпы әлемнің барлық азаматтары транзиттік нүкте ретінде пайдаланатын қалалар. Сондықтан олардың саны өсуі мүмкін, өйткені басқа авиакомпаниялар рейстерін тоқтатқан жоқ. Транзиттік рейстер ретінде адамдар Дохаға ұшып, өз кезегін күтеді, – деді Бақаев.

Бұған дейін БАӘ мен Катардан қазақстандықтарды алты рейспен тасымалдайтыны туралы айтылған.