Мәжілісмендер автокөлік терезелерін жартылай қараңғылауға рұқсат беруді ұсынып отыр, алайда Ішкі істер министрлігі бұл мәселені мұқият зерттеу қажет деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Биыл мамыр айының соңында Мәжіліс депутаттары Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге автокөліктердің алдыңғы бүйірлік терезелерін қараңғылауға (тонировка) ақылы түрде рұқсат беру жөнінде ұсыныс білдіріп, депутаттық сауал жолдаған болатын.
ІІМ ҰСТАНЫМЫ
ІІМ өкілдерінің мәлімдеуінше, Қазақстанда алдыңғы терезелерге толық немесе жартылай қараңғылауға рұқсат беру мәселесіне қатысты ешқандай ресми сұраныс немесе ұсыныс ведомствоға түспеген. Сонымен қатар министрлік бұл мәселені жан-жақты әрі мұқият зерттеу қажет екенін алға тартты.
Бүкіл органның ресми ұстанымын жариялау үшін мәселені кешенді әрі жан-жақты зерттеу керек. Бұған дейін алдыңғы және алдыңғы бүйірлік терезелерді қараңғылауға тыйым салынған кезде, мұндай шешім жол-көлік оқиғаларының жиі тіркелуі сияқты статистикаға сүйеніп қабылданған еді. Егер бұл тақырып бойынша жаңа зерттеулер пайда болатын болса, онда заң жобасы әзірленген кезде біз бұл жөнінде БАҚ-қа хабарлаймыз. Тағы да қайталап айтамын – біздің заң департаментімізге ешқандай ұсыныс келіп түскен жоқ, – деді ҚР ІІМ Заңнама және нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаментінің бастығы Ренат Зұлқайыров.