Қазақстан 46 млрд теңге қарыз алады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Сенат депутаттары Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді ратификациялауды мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әңгіме 46 млрд теңге көлеміндегі қарыз туралы болып отыр. Бұл қаражатты ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ телекоммуникация инфрақұрылымын дамытуға жұмсау жоспарланған.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қазақстанның Халықаралық қайта құру және даму банкінен жаңа қарыз алатыны хабарланған еді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мамырда Қазақстан халықаралық банктен 13 млрд иен қарыз алатыны белгілі болған еді.