Қазақстан тумасы Ярослава Чумакова Санкт-Петербург қаласында ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Санкт-Петербургтің Қызылгвардия аудандық соты Қазақстанда туған Ярослава Чумакованы 17 тамызға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды. Әйел адамға Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1-бабы 3-бөлігі бойынша ("Террористік акт жасауға жәрдемдесу") айып тағылып отыр.
ТЕРГЕУ
– Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтіру немесе олардың шешіміне ықпал ету мақсатында жоғары лауазымды әскери қызметкерге қарсы теракт жасауға жәрдемдескен, – делінген Санкт-Петербург біріккен соттарының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Соттың мәліметінше, әйел 19 маусым күні ұсталған. Ол соттан үйқамаққа шығаруды сұраған.