Трамп Қытаймен сауда келісіміне келгенін мәлімдеді

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда келісіміне қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Қытаймен сауда келісіміне “кешегі күні” қол қойылған және ол америкалық бизнес үшін Қытай нарығын ашуды бастауға бағытталған. Алайда Трамп бұл келісімнің егжей-тегжейін нақтыламады. Сонымен қатар ол жуырда Үндістанмен де осындай келісімге қол жеткізуді үміт ететінін айтты, деп жазады DW.

Қытай сауда министрлігі 27 маусымда ресми мәлімдеме жариялап, онда сирек кездесетін металдарға нақты сілтеме жасалмағанымен, Пекин мен Вашингтон арасындағы негіздемелік келісімнің егжей-тегжейін келісу бойынша ілгерілеушілік бар екені көрсетілген.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ пен Қытай негіздемелік сауда келісімі бойынша уағдаластыққа келгені хабарланған еді.