Бүгін, 28 маусымда, Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды UIysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл кәсіби мереке 2011 жылы Қазақстанның бұрынғы президентінің жарлығымен бекітілген. Ол 1991 жылғы тарихи оқиғаға — 28 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі “Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заң қабылдаған күнге орайластырылған.
АНЫҚТАМА
Бүгінде Қазақстанда 5 800-ден астам БАҚ тіркелген: шамамен 4 000 баспа басылымы, 200-ден астам телерадиоарна, 90 шақты радиостанция және 1 200-ден аса онлайн-платформа жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұған дейін Ulysmedia порталының бас редакторы Самал Ибраева Гүлжан Ерғалиевадан сұхбат алды.
Бұл сұхбат БАҚ үшін ауыр кезеңде жазылды. Өкінішке қарай, бұл күнде Ulysmedia.kz, Orda.kz, Elmedia, KazTAG — және жекелеген журналистер бұрын-соңды болмаған қысымға ұшырап отыр.
Гүлжан Ерғалиева сұхбат барысында “Свобода слова” газетінің қалай құрылғанын, Назарбаев билігі тұсында тәуелсіз БАҚ-ты кім және не үшін жойғанын да ашық айтып берді.