Қазақстанның бірнеше өңірінде қуаңшылық болады

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

2025 жылғы шілде айында Қазақстанның бірнеше облысында орташа деңгейдегі қуаңшылық болады, деп хабарлайды UIysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

“Қазгидромет” РМК мәліметінше, ылғалдың жетіспеушілігі байқалатын аумақ көлемі арта түседі. Қуаңшылық:

  • Батыс Қазақстан,
  • Атырау,
  •  Маңғыстау,
  • Ақтөбе,
  • Қостанай,
  • Қарағанды,
  • Абай және
  • Алматы облыстарының кейбір аудандарында болады.

Сонымен қатар, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының көп бөлігінде де құрғақ ауа райы күтіледі.

Елдің қалған аймақтарында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жақын болады.

Метеорологтар аграрлық сектор өкілдеріне бұл болжамды егістік және дала жұмыстары кезінде ескеруді ұсынады.