АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС арасында атысты тоқтату туралы келісімге келуге тағы да үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Мәлімдемесін ол өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.
— Газа бойынша келісімге келіңіздер! Тұтқындарды қайтарыңыздар! — деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп бір апта ішінде Израиль армиясының Газадағы жаппай соққылары мен палестиналық бейбіт тұрғындар құрбандар санына қарамастан, бітімге келу мүмкін деп есептейтінін айтқан еді.
КОНТЕКСТ
Кейінгі мәліметтерге сәйкес, Газа секторында әлі де шамамен 50 тұтқын ұсталып отыр, олардың жартысына жуығы ғана тірі болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл адамдардың барлығы 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуыл кезінде ұсталған. Ол шабуыл салдарынан шамамен 1 200 адам қаза тапқан еді.
Израиль қаңтардан бері күшіне енген бітімді наурызда бұзғаннан кейін тараптар арасындағы тікелей келіссөздер тоқтап қалды.