Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев Тибетте түскен суреттерін бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол Instagram парақшасында жариялаған фотосуретте ұлымен бірге Тибет таулары мен Қытай Халық Республикасының Тибет автономиялық ауданындағы әкімшілік орталық — Лхаса қаласында тұр.
Суретке ол: “Лхаса, Тибет. Биіктігі — 3 771 метр. Ұлыммен бірге” деп жазған.
АНЫҚТАМА
Нұрәли Әлиев — қазақстандық кәсіпкер, Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы. 2024 жылғы Қазақстанның ең бай 75 кәсіпкерінің тізімінде 41-орында тұр. Кейінгі жылдары шетелде тұрады және жұрт алдына өте сирек шығады.
Биыл ақпанда ол “Транстелеком” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетіп, акционерлер құрамынан да шыққан.