Астана күніне байланысты шілдеде қазақстандықтар қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2025 жылдың шілде айында Астана күніне орай қазақстандықтардың демалыс күні бір күнге ұзартылады. Ел астанасының Алматыдан Астанаға ресми түрде көшірілген күніне арналған бұл мереке жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі, 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.
Бұл датаға байланысты республика көлемінде түрлі мәдени-мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгеретініне шолу жасаған болатын.