Cотталған вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

Сырым Қаржас
Видео кадры

Қаржы пирамидасына қатысы болып, сотталған актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, хабарлады. 

- Аллаға шүкір…, – деп актер қысқа жазба қалдырған. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусым айында Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодексінің 217-бабы "қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсысы бес жыл алған. Бұл істің қалған қатысушылары 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.