Украина зымыран шабулынан Курск облысында Ресей генералы мерт болды

Ulysmedia
Фото: ВВС

Биыл наурызда Ресей әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары болып тағайындалған генерал-майор Михаил Гудков Курск облысындағы қаза тапты. Ол Мариупольдішабуылдаған 155-ші теңіз бригадасының командирі болған. Сол үшін президент Владимир Путиннің көзіне түсіп, батыр жұлдызын алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Генерал-майордың өлімі туралы Тынық мұхиты флотының теңіз жаяу әскерлерінің 155-ші жеке гвардиялық бригадасы орналасқан Приморск өлкесінің губернаторы Олег Кожемяко хабарлады.Ресей қорғаныс министрлігі де Михаил Гудковтың қазасын растады. Бірақ оның неден өлгені белгісіз.

Украина зымыран соққысы

Ресейде шетел агенті деп танылған «Медиазона» басылымы «Вконтакте» желісінде «Тайфун» теңіз жаяу әскерлері қоғамдық ұйымы жариялаған некрологқа назар аударған. Онда «2 шілдеде Украина қарулы күштері 155-ші бригада командалық пунктіне зымыран соққысын жасады»делінген. Ресей көктемде Украина әскерін Курс облысынан толықтай ығыстырдық деп мәлімдеген.

Ресей генералдарының қазасы

ВВС мәліметінше, Ресей Украинаға басып кірген алғашқы төрт айда төрт генералы (Андрей Суховецкий, Владимир Фролов, Канамат Боташев және Роман Кутузов) қаза болған. 2023 жылы 35-ші жалпы армия штаб бастығы генерал-майор Сергей Горячев пен оңтүстік әскери округ командирінің орынбасары генерал-лейтенант Олег Цоков зымыран соққысынан қаза тапты. Осы жылдың қарашасында 14 әскери корпус қолбасшысы, генерал-майор Владимир Завадский минаға жарылып мерт болған.

Былтыр 17 желтоқсанында Мәскеуде радиация, химия және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы Игорь Кириллов үйінен шыққан кезде өлтірілді. Скутерге қойылған жарылғыш зат іске қосылған. Операцияны Украина қарулы күштері өз мойнына алған.