Шерниязовпен бірге сотталған вайнер Төребаев та бостандыққа шыға ма

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

 Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мейіржан Төребаевтың жазасын өтеуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТӨРЕБАЕВ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҒА МА

Комитет мәліметінше, Мейіржан Төребаев әлі жазасын өтеп жатыр. 

- Осы сотталған адам сот тағайындаған жазаны қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Әлі бостандыққа шықпады, дейді ҚАЖК өкілі Ұлысмедиаға берген жауабында. 

ШЕРНИЯЗОВ

Бұған дейін вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шыққан еді. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусым айында Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодексінің 217-бабы "қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсысы бес жыл алған. Бұл істің қалған қатысушылары 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.