Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) елдерге темекі, алкоголь және тәтті сусындар бағасын кемінде 50%-ға көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Digital Business мәліметінше, «3-тен 35-ке дейін» деп аталатын бастама темекі шегу, алкоголь ішу және қантты шамадан тыс тұтынумен байланысты созылмалы аурулардан болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Қазір мұндай аурулар бүкіл әлем бойынша өлім-жітімнің 75%-дан астамына себеп болып отыр. ДДҰ зиянды өнімдердің бағасын 50%-ға көтеру алдағы 50 жылда 50 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.
КОНТЕКСТ
Қазақстанда темекінің бір қаптамасы бүгінде шамамен 1000–1100 теңге тұрады. Салықтың өсуі бұл бағаны 2000 теңгеге дейін көтеруі ықтимал. 2025 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында темекінің бөлшек саудадағы бағасы 920 теңге болып бекітілді. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап баға тағы өсіп, 970 теңгеге жетпек.