Жалпақсайда ит баланы өлімші етіп талады: тың деректер белгілі болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы Алматыдағы реабилитациялық орталықта болған оқиғаға қатысты бейнебақылау камерасынан алынған видеоны жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ БЕЛГІЛІ

Қауымдастықтың мәліметінше, видеоны иттердің иесі ұсынған. Зооқорғаушылардың айтуынша, ер адамның сөзіне сүйенсек, оқиға кезінде балалар орталықтың қоршауының жанында «ұзақ уақыт» ойнап жүрген. Олар бір-бірін итеріп, соның салдарынан бір бала қоршаудың ішіне құлап кеткен болуы мүмкін.

— Көздеріңді ашыңдар! Мәселеге басқа қырынан қарап көріңіздер. Бұл — жеке аумақ, ішінде вольерлер бар. Ол адам иттермен 40 жылдан астам, ал реабилитация саласында 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұндай қайғылы жағдай бірінші рет болып отыр. Өзі де болған оқиғаға сене алмай отыр. Балаға көмек көрсетуге бірден ұсыныс жасаған. Бірақ соның өзінде қоршауын сындырып, иттерін бауыздап тастады. Адамның көшеде пышақпен жүргені қатты таңғалдырды, – делінген жарияланған жазбада.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, Ұлысмедиа тілшісі оқиға орнында болып, Жалпақсайдағы жантүршігерлік жағдайдың жай-жапсарын анықтаған болатын. 

БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ

2 шілдеде дәрігерлер Жалпақсайда ит өлімші етіп талап кеткен баланың қазіргі жағдайын айтты