Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.
– Сондай-ақ Мемлекет басшысы тұңғыш президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.
АНЫҚТАМА
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысындағы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Экс-президенттің туған күні – 6 шілде Астана күнімен тұспа-тұс келеді.
Назарбаев 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті болып сайланып, елді 2019 жылға дейін басқарды.