Трамп Украинадағы соғыстың қашан аяқталатыны туралы сұраққа жауап берді

Сырым Қаржас
aa.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтата алатынына сенімді емес екенін айтты. Дегенмен, оның сөзінше, бұл — Ақ үйдің басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Трамп тағы да Украинадағы соғыстың басталуына Байден басқарған алдыңғы әкімшілікті кінәлады.

ДӘЙЕКСӨЗ

— Украинадағы жағдай — бұл Байденнің мәселесі. Трамптың емес. Мен оны аяқтауға тырысып жатырмын. Мен жай ғана бұл қақтығысты соңына дейін жеткізіп, реттегім келеді. Одан кейін не боларын көреміз. Аяқтала ма, жоқ па — нақты айта алмаймын, — деп келтіреді Трамптың сөзін Politico басылымы.


Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен келіссөздер жүргізу, Даниямен бірлескен қару-жарақ өндірісі туралы уағдаластық және Швеция тарапынан берілетін жаңа көмек пакеті жөнінде айтқан еді.