АҚШ Украинаға Ресей шабуылынан қорғану үшін қару-жарақ беруді үдетеді

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Ресей шабуылынан қорғану үшін қару-жарақ беруді үдетуде уәде берді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қару-жарақ беруге қатысты мәлімдеме жасады.

– Біз мұны жасауымыз керек. Олар өздерін қорғай алуы қажет. Қазір оларға жойқын соққы жасалып жатыр, – деді Трамп 7 шілдеде Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен болған кездесуде.

Politico басылымының мәліметінше, Ақ үй Украинадағы соғыс бойынша арнайы өкілі Кит Келлог пен Украина қорғаныс министрі Рустем Умеровтің кездесуінен кейін бұған дейін бұғатталған әскери көмекті беруді жалғастыруы мүмкін.

2 шілдеде АҚШ Украинаға әскери көмектің бір бөлігін беруді тоқтатқан. Трамп «АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден Америка арсеналын әлсіретті, қару-жарақ АҚШ-тың өзіне қаншалықты жеткілікті екенін тексеру қажет» деген.