Өзбекстанда Ресей жағында Украинаға қарсы соғысқан екі адам сотталды

Ulysmedia
Көрнекі сурет.

Өзбекстанда Ресей жағында Украинаға қарсы соғысқан екі адам сотталды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz

Толығырақ

UzNews сайты таратқан ақпаратта сотталғандардың есімдері аталмайды. 32 жастағы А. Р есімді адамды Бұхара облысындағы Ромитан аудандық соты кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырған. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам 2018 жылы Ресейге ақша табуға кетіп, сонда жүріп азаматтық алған. 2024 жылдың мамырында ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, тергеу изоляторына қамалған. Сол жылдың маусым айында ол Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігімен әскери келісімшартқа қол қойған. Кейіннен Луганск облысына соғыс жіберілген.

2024 жылы 27 шілдеде жарақат алған. Қыркүйекте әскери қызметке жарамсыз деп танылған. 3 миллион рубль өтемақы алып, Өзбекстанға қайтып оралған.

41 жастағы Ш. К есімді адамды Әндіжан облысының Алтынкөл ауданынының соты үш жыл бір айға соттаған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылы ол Назранға (Ингушетия) жұмысқа кеткен. Бірақ  Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған. Ол 2024 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін соғыс қимылдарына қатысып, жарақат алған. Жеке басын куәландыратын құжаттардың жоқтығына байланысты ұсталып, Өзбекстанға депортацияланған.

Соғыстағы Өзбекстан азаматтары

Украинаның «Хочу жить» жобасы бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырып, Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 1110 Өзбекстан азаматының аты-жөнін жариялап, оның ішінде 109 азамат қаза тапты деген. Қаза тапқандардың ең кішісі 21, ең үлкені 62 жаста болған жоқ.