Бүгін әлдекімдер "Орда" редакциясын басып алмақ болған. Бұл туралы редакция ұжымы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Редакция журналистерінің айтуынша, басып алмақ болған тараптан тек белгісіз бір заңгер ғана келген. Басылым өкілдері жағдайды өте күмәнді деп бағалап отыр.
- Бұл хатқа Виталий Пак қол қойған. Онда бүгін мені «Орда» басылымының басшылығынан босату туралы жиналыс өтетіні жазылған. Маған ультиматум қойды: өз компаниямды мен мүлде танымайтын Мақсат Ғаниев есімді адамға тапсыруым керек екен. Мұны ұйымдастырған — заңгер Виталий Пак, - дейді басылым басшысы Гүлнара Бажкенова.
Оның айтуынша, Виталий Пак пен Мақсат Ғаниев камераға түсіп қалудан сескеніп, кездесуге келмеген.
ТӘУЕЛСІЗ БАҚ-ҚА ШАБУЫЛ
Бұған дейін Orda.kz сайты рейдерлік жолмен тартып алынуы мүмкін, ал бас редактор қызметінен шеттетілмек екенін жазған едік. Бұл туралы басылымның негізін қалаушы Гүлнара Бажкенова өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.