Орташа есеппен Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлердің бағасы 1 шаршы метр үшін 527 220 теңгеге жетті. Жыл басынан бері жаңадан салынған үйлердің құны 6,9%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Krisha деректеріне сәйкес, алты ай ішінде жаңа пәтерлердің бағасы ең көп өскен қалалар:
Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Петропавл және Орал қалаларында баға қалыпты өскен — жарты жылда 3–5% шамасында. Ал Өскемен, Семей және Түркістан қалаларында өсім шамалы ғана: 2%-ға дейін.
Маусым айының қорытындысы
Маусымда (мамырмен салыстырғанда) ел бойынша алғашқы нарықтағы пәтер бағасы 1,1%-ға көтерілген.
Баға өсімі бойынша көшбасшылар:
Пікір
Экономист Элдар Шамсутдиновтің айтуынша, 2023–2024 жылдардағы қарқынды өсімнен кейін нарық тепе-теңдікке келе бастады. Астанада сұраныс бәсеңдеп, бұл бағаға әсер етіп жатыр. Ал Алматыда жағдай біршама тұрақты – жаңа пәтер аз, сұраныс бар, бірақ дүрбелең жоқ. Ел бойынша орташа жылдық өсім – +9,5%.