Кремль елде әскери цензура бар екенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков билікшіл «Эксперт» басылымына сұхбат берді. Онда ол Ресейдегі журналистика мен медиа кеңістік туралы айтады. Оның сөзінше, соғыс жағдайына байланысты елде әскери цензура барын жоққа шығармайды.
– Сіз дұрыс байқадыңыз, көптеген басылымдар жабылды, журналистер тарады. Бірақ біз қандай жағдайда екенімізді ұмытпаңыз. Қазір әскери цензура уақыты — біздің еліміз үшін бұрын-соңды болмаған уақыт. Соғыс ақпараттық кеңістікте де жүріп жатыр. Ресейдің беделін түсіруге бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарына көз жұму дұрыс болмас еді. Сондықтан мен бұл режим қазір ақталды деп санаймын, – деді ол.
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін «Қарулы күштердің беделін түсіргені» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын арнайы заң қабылданды. Ол бойынша Украинадағы соғыс туралы қорғаныс министрлігі таратқан ақпараттан басқа ақпараттың барлығы армия беделін түсіру деп бағаланады.
Соғыс басталғалы Ресейден «Дождь», «Медуза», «Новая газета» сияқты бірқатар тәуелсіз басылымдар кетті. «Радиос Свобода», «Настоящее время» сияқты басылымдар шетел агенті деп танылды.