Павлодарда ер адам ұрлап кеткен көлігімен бағдаршамға соғылып, мерт болды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Павлодарда ер адам Mercedes көлігін ұрлап, бірнеше минуттан соң бағдаршамға соғылып, мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 шілдеде болған. Ұрлық жасаған ер адам көлікті басқара алмай, асқан жылдамдықпен жүріп, бағдаршам қызыл жанып тұрғанда соғылған. 

Жол апаты қаладағы Ломов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған. Салдарынан «Лада Гранта» және Hyundai Tucson көліктері соғылып, ұрлап алып кеткен көліктің ішінде отырған ер адам оқиға орнында жан тапсырған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына түскен басқа көліктегі адамдар аман. Алайда бұл ақпаратты полиция департаменті әлі нақтылап жатыр. 

Полицейлер бұл дерек бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.