Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтегі баспасөз брифингі барысында «ірі бизнес аз салық төлейді» деген пікірге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
– Ірі бизнес шағын немесе орта кәсіпке қарағанда аз салық төлейді дегенмен келісе алмаймын. Керісінше екенін көрсететін нақты сандар бар. Республикалық бюджетке түсетін барлық салық түсімін алсақ, соның 70 пайызы ірі бизнеске тиесілі. Бұл шамамен 15 триллион теңге. Егер ішіне үңілсек, соның 6,5 триллионына жуығы ірі мұнай жобаларынан түседі. Демек, салықтық жүктеме айтарлықтай жоғары, – деді Бектенов.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық кодексі енгізілгеннен кейін Қазақстанда жүздеген компанияның жұмысын тоқтатуы мүмкін екенін мойындаған еді.