Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль отставкаға кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Денис Шмыгаль отставкаға кететіні жөнінде өзінің Telegram арнасында жазды.
14 шілдеде президент Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға Шмыгальді Украинаның қорғаныс министрі етіп тағайындауды ұсынған. Ал премьер-министр лауазымына Юлия Свириденконың кандидадурасын ұсынған.
Денис Шмыгаль 2020 жылдан бері премьер-министр болып қызмет атқарды. Ал Юлия Свириденко вице-премьер болып 2021 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол президент офисі басшысының орынбасары болған.
Украинаның қорғаныс министрі лауазымын 2023 жылдан бері Рустем Умеров атқарған. Ол Украинаның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалуы мүмкін.