Путин дегеніне жетпейінше Украинадағы соғысты тоқтатпайды

Ulysmedia
Фото: ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин дегеніне жетпейінше Украинадағы соғысты жалғастыра береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Reuters ақпарат агенттігі өзінің Кремльге жақын үш дереккөзіне сүйеніп, АҚШ президенті Дональд Трамптың «Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге дайынбыз» деген сөздері де Владимир Путинге соғысты жалғастыруға бөгет болмайды деп жазды. Ресей әскері алдыға жылжыған сайын Путиннің талабы да күшейеді.

Басылым дереккөздерінің сөзінше, Ресей әскері мен экономикасының батыс елдерінің санкциясына төтеп беруге шамасы жетеді.

Reuters сөйлескен Кремльдің ұстанымына жақын үш ресейлік дереккөз батыс қанша қысым жасаса да, Путин соғысты тоқтатпайтынын айтты. Олардың сөзінше, Ресей әрі қарай да экономикалық соққыларға төтеп бере алады. Вашингтон тіпті Ресей мұнайын сатып алушыларға баж салығын салса да, Мәскеу оған шыдас береді.

Көңілі қалған Трамп және санкция

14 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп атысты тоқтатудан бас тартқан Путиннің іс-әрекетінен көңілі қалғанын айтып, Украинаға қару-жарақ беретінін мәлімдеген. Бұдан өзге, Трамп егер елу күн ішінде бейбіт келісім жасалмаса, Мәскеуге қатаң санкция салатынын айтқан.