Саида Мирзияева әкесінің әкімшілігін күшейтіп жатыр

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Саида Мирзияева Өзбекстанның халықаралық бағытын күшейтіп жатыр, енді ол шетелдік сарапшыларды жеке өзі жұмысқа қабылдап, олардың еңбекақысын белгілеуге құқылы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңа жарлыққа сәйкес, президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзияева мемлекеттік жобаларға шетелдік мамандарды тартуға өкілеттік алды. Сонымен қатар, оларға төленетін еңбекақы шарттарын да өзі бекіте алады.

КОНТЕКСТ

Саида Мирзияева – Өзбекстан президентінің қызы және мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі тұлғалардың бірі. 2025 жылғы маусым айынан бастап ол Өзбекстан президенті әкімшілігін басқарып келеді. Бұған дейін медиа, мәдениет және коммуникация салаларын қадағалаған. Қазір оның ықпал ету аймағы сыртқы саясат пен сараптамалық бағытты да қамтып отыр.

САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Сарапшылардың жазуынша, Саида Мирзияеваның жетекшілігімен халықаралық блоктың күшеюі ел ішіндегі ықпалдың орталықтануы мен оның ұзақмерзімді саяси рөлге дайындалып жатқанын көрсететін белгі болуы мүмкін.