Чехия коммунизм пропагандасына тыйым салды

Ulysmedia
Көрнекі сурет. Игорь Иванко / «Москва» агенттігі

Чехия коммунизм пропагандасына тыйым салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Чехия президенті Петр Павел коммунизм пропагандасына тыйым салатын заңға қол қойды. Түзетулер енгізілген заң жобасына сәйкес, коммунизм идеологиясын насихаттап, қолдағандар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

EurActiv басылымының жазуынша, заң жобасы Чехия ғылыми-зерттеу институты, атап айтқанда, тоталитарлық режимдерді зерттеу институтының қатысуымен әзірленген.

Чехияда нацизмді насихаттауға да заң бойынша тыйым салынған.

Коммунизмді насихаттауға тыйым салуды Богемия және Моравия Коммунистік партиясы айыптады (KSČM). Партия заңнамалық бастаманы "KSČM-ді заңсыз ету және қазіргі режимнің сыншыларын қорқытудың сәтсіз әрекеті" деп бағалады.