Трамп Обаманы алаяқтық жасады деп айыптады

Сырым Қаржас
AP Photo

Дональд Трамп экс-президент Барак Обаманы 2016 жылғы президент сайлауының нәтижелерін бұрмалау мақсатында алаяқтық жасады деп айыптады және оны сотқа тарту туралы бастаманы қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Interfax мәліметінше, Трамп Fox News арнасындағы журналист Харрисон Филдстың Обаманың сайлау нәтижелерін бұрмалауға қатысты әрекеттерін әшкерелеген эфирін мақтап, сондай-ақ АҚШ Ұлттық барлау басқармасының басшысы Тулси Габбардтың жұмысын оң бағалады.

Fox News арнасындағы жас әрі дарынды Харрисон Филдс керемет жұмыс атқарды. Сарапшылар тобы Обама мен енді ғана сайлау алаяқтығында әшкереленген “баскесерлерді” сотқа тарту бастамасын ұсынды – бұл тамаша, – деп жазды Трамп.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ Ұлттық барлау басқармасы тергеу жүргізіп, бұрынғы президент Барак Обама мен оның әкімшілігінің мүшелері Трамптың 2016 жылғы жеңісінен кейін сайлау нәтижелерін жоққа шығару үшін жалған ақпарат (соның ішінде Трамп пен Ресей арасындағы байланыстар жайлы) таратқанын дәлелдейтін “даусыз айғақтарды” жариялаған еді.