Зеленский Ресей мен Украина өкілдері енді қашан кездесетінін айтты

Сырым Қаржас
Видео кадры

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің күнін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Зеленский ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап, Ресей мен Украина делегацияларының келесі кездесуі 23 шілдеге жоспарланғанын және Түркияда өтетінін хабарлады

- Бүгін мен Рустем Умеровпен тұтқындармен алмасуға дайындық пен Түркияда Ресей тарапымен өтетін тағы бір кездесуді талқыладым. Умеров кездесу сәрсенбіге жоспарланғанын айтты. Толық ақпарат ертең ұсынылады, – деді Зеленский өзінің бейнеүндеуінде.

Сондай-ақ ол жаңа әрі қатаң, соның ішінде екінші деңгейлі санкциялар енгізуді талап етіп отырған барлық серіктестерге алғысын білдірді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін дереккөздер үшінші кездесу шілде айының соңында өтуі мүмкін екенін хабарлаған болатын