Украинада «Mirage 2000» жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Ulysmedia
Фото: pexels.com

Украинада «Dassault Mirage 2000» жойғыш ұшағы апатқа ұшырады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Украина қарулы күштерінің әуе күштері таратқан ақпаратқа қарағанда, оқиға елдің батысында, Волынск облысында болған. Ұшақ ұшу тапсырмасы кезінде апатқа ұшыраған. Ұшқыш катапультті жүйені іске қосып, аман қалған. Болжам бойынша ұшақ қозғалтқышы істен шыққан.

ҰШАҚ

Францияның Mirage 2000 жойғыш ұшақтары 1970 жылдан бастап 2000 жылдардың ортасына дейін шығарылған. Украина армиясы оларды Франциядан 5F модификациясында алды, бұл ең алдымен әуе нысандарын шабуылдауға арналған. Ұшақтардың алғашқы легі ақпан айында жеткізілді. Қанша ұшақ жеткізілгені туралы хабарланған жоқ.