Қытай Қазақстандағы кедей тұрғындарға көмектесуге кірісті

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

ҚХР-де "Қытай – Орталық Азия" форматы бойынша кедейлікпен күрес жөніндегі ынтымақтастық орталығы ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАА) әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында "Қытай – Орталық Азия" форматындағы кедейлікпен күрес және білім беру саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу орталықтары ашылды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Алайда аталған мекемелер нақты немен айналысатыны әзірге жарияланған жоқ.

– Жоғарыда аталған орталықтардың ашылуы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы кедейлікпен күрес және білім беру саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін білдіреді. Бұдан бөлек, бұл ШҰАА мен Орталық Азия өңірлерінің арасында өзара тиімді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға жаңа кеңістік ашуға мүмкіндік береді, – делінген жарияланымда.

Кедейлікпен күрес жөніндегі ынтымақтастық орталығы ШҰАА ауыл шаруашылығы басқармасының жанынан ашылса, білім беру саласындағы алмасу мен ынтымақтастық орталығы осы ауданның білім басқармасының құрамында жұмыс істейді.

КОНТЕКСТ

Аталған мекемелерді ашу туралы шешім биыл маусым айында Астанада өткен "Қытай – Орталық Азия" екінші саммитінде қабылданған болатын. Сол кезде Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің сапары аясында 24 келісімге қол қойылған.