Ресейде коронавирустың жаңа түрі пайда болды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

COVID-19-дың жаңа штамы әлемге тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕСЕЙДЕГІ ЖАҒДАЙ

COVID-19-дың жаңа «стратус» атты штамы әлемде белсенді таралып жатыр. Ресейде осы штаммен ауырған 114 жағдай тіркелген, оның жартысынан көбі Мәскеуге тіркелген (54%).

АЛҒАШҚЫ ДЕРЕК

Аурудың алғашқы жағдайы 24 сәуірде тіркелді. Мәскеуден бөлек, басқа аймақтарда да XFG үлгілері анықталған. Атап айтқанда, Санкт-Петербург, Магадан, Новосібір, Вологда, Калининград, Смоленск, Челябі, Иркутск, Свердлов облыстары мен Алтай Республикасы, Ямал-Ненец және Ханты-Мансий автономды округтерінде үлгілер алынды. Бұл туралы Роспотребнадзор баспасөз қызметі хабарлады.

ШТАМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

«Стратус» өте жұқпалы және иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Оның басты белгілерінің бірі – дауыстың тез қарлығуы. Бұл нұсқа «омикрон» түрлеріне ұқсайды және көп жағдайда жеңіл өтеді.

ДДСҰ МӘЛІМДЕМЕСІ

ДДСҰ «стратусты» маусымда «қызығушылық тудыратын нұсқалар» тізіміне қосты. Алғашқы жағдай 2025 жылғы 27 қаңтарда Канадада тіркелген болатын. Жаз ортасына қарай бұл штам Оңтүстік-Шығыс Азияға, Солтүстік Америка мен Еуропаға тарап үлгерген.