Ресей Қазақстанға мұнайға байланысты өтініш жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

2025 жылдың мамырынан бастап Мәскеу Астанадан Қытайға мұнай тасымалдау көлемін арттыру мүмкіндігін сұрап келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Энергетика министрі Ерлан Аккенженовтің нақтылауынша, Ресей тарапы қосымша 2,5 млн тонна мұнай тасымалдау мүмкіндігін қарастыруды өтінген. Қазіргі таңда Қазақстанның мұнай құбырлары жүйесі арқылы Ресей жыл сайын Қытайға 10 млн тонна "қара алтын" экспорттайды.

КЕЛІССӨЗДЕР

Бұған дейін Энергетика министрлігі бұл мәселе бойынша келіссөздер жалғасып жатқанын, құжаттарды келісу белгілі бір уақытты талап ететінін мәлімдеген болатын. Себебі Мәскеудің өтініші тиісті үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізуді қажет етеді. Аккенженовтің айтуынша, тараптар жұмыс тобын құрған. "ҚазТрансОйл" АҚ мен "Транснефть" компаниялары техникалық мәселелерді, соның ішінде Қазақстан аумағындағы құбыр бойында қосымша мұнай айдау станцияларын салу мүмкіндігін талқылауда.

КОНТЕКСТ

Мамыр айында РФ вице-премьері Александр Новак Ресейдің Қазақстан арқылы Қытайға мұнай жеткізу көлемін 2,5 млн тоннаға арттыруға дайын екенін хабарлаған еді. Бұған дейін Ресей үкіметі ҚХР-мен арадағы үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама жобасын мақұлдаған.