Астана қаласындағы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОТ ҮКІМІ
Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға сотталды.
Анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
ТӘРКІЛЕНГЕН МҮЛІКТЕР:
Ұрланған қаражатқа сатып алынған мүліктері:
«Vela Village» коттедж қалашығындағы жеке үй;
«Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен тұрақ орындары;
«Mercedes-Benz S450» 2024 ж., «Lexus LX 600» 2024 ж.;
«Rebel Flowers» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
97 млн теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары тәркіленді.
Жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ІСІ
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы және 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Прокурорлардың мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат пен оның анасы 3,5 млрд теңгені қолма-қол шешіп алған.