Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторына гуманитарлық көмекті әуе арқылы жеткізуді қайта бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК
– Халықаралық ұйымдармен бірлесе жүзеге асырылған гуманитарлық жүк жеткізу аясында ұн, қант және консервіленген тағам салынған жеті қаптама жеткізілді, – делінген Израиль армиясының хабарламасында.
Палестиналық дереккөздер Reuters агенттігіне жүктердің Газаның солтүстік бөлігіне түскенін растаған.
ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНДАҒЫ ҮЗІЛІС
Израиль Газадағы үш ауданда гуманитарлық көмекті жеткізу үшін “тактикалық үзіліс” жариялады.
– Саяси басшылықтың нұсқауына сәйкес және Газада әдейі ашаршылық ұйымдастырылып жатыр деген жалған айыптауларға жауап ретінде БҰҰ колонналарының азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуіне арналған гуманитарлық дәліздер ұйымдастырылады, – делінген ЦАХАЛ хабарламасында.
Израиль тарапы гуманитарлық көмекті тарату БҰҰ мен халықаралық гуманитарлық ұйымдардың жауапкершілігінде екенін атап өтті.