АҚШ пен Қытай сауда келісімі бойынша Швецияда келіссөз жүргізеді

Ulysmedia
Фото: Bloomberg

АҚШ пен Қытай сауда келісімі бойынша Швецияда келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

АҚШ пен Қытайдың жоғары лауазымды шенділері Стокгольмде кездесіп, сауда келісімі мерзімін созуға байланысты келіссөздер жүргізеді. Бұл Вашингтон мен Пекин бір-біріне сауда соғысын жариялағалы алғашқы кездесу.

ЖАБЫҚ КЕЛІСІМ

Bloomberg басылымының мәліметінше, кездесу жабық форматта өтеді. Күн тәртібіндегі басты тақырыптар тариф келісімі, жағарғы технологиялар экспорты және интеллектуалдық меншік мәселелер болмақ. Қос тарап та жаһандық экономикада тұрақтылықты сақтауға мүдделі.

Қазіргі сауда келісімінің мерзімі аяқталуға жақын. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы Дональд Трамп президент болып сайланғаннан кейін ушыққан.