Қуаңшылық: министрлік су тапшылығына кімнің кінәлі екенін айтты

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Қазақстанның бірнеше аймағында қуаңшылық болып, шаруаларға су жетпей жатыр. Су ресурстары министрлігі мұны уақытша мәселе деп атыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Журналистермен өткен брифингте министрліктің су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің басшысы Сәкен Әтел қоймалардағы су деңгейінің төмендеуі ауа райына байланысты туындаған уақытша мәселе екенін айтты.

– Иә, ауа-райына байланысты бірқатар аймақтардағы нысандарда су деңгейінің төмендеуі байқалады. Бірақ қазір су су тұтынушыларға кезекпен, ұсынылған өтінімдер бойынша беріліп жатыр. Осыған байланысты кейбір жерлерде су деңгейінің төмендеуі мүмкін, бірақ бұл уақытша, – деді ол.

Оның сөзінше, бұл мәселе бойынша зерттеулермен «Қазгидомет» айналысып жатыр.

Маусымда қуаңшылыққа байланысты мал қырылып жатқаны туралы ақпарат тараған. Кейіннен су ресурстары министрлігі оны жоққа шығарған. Министрлік елде су дағдарысы болмайды деп уәде берген.