Енді жаңадан алған баспананы 2 жылға жетпей сатқандарға салық салынады

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

2025 жылдан бастап тұрғын үйді сатып алған соң екі жыл өтпей сатқан азаматтарға салық салынады. Жаңа Салық кодексіндегі бұл өзгеріс қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Салық мөлшері тұрғын үйдің сату кезіндегі үстеме бағасына қарай есептелмек, пайда 33,5 млн теңгеден аспаса, салық 10 пайыз, одан жоғары болса — 15 пайыз болады.

Қазіргі заңнамада тұрғын үй иесінің атына тіркелгеніне бір жыл толса, салықтан босатылады. Осы уақытты күткендер үйді сатқан кезде барлық пайданы өздеріне қалдырып келген. Енді жаңа талапқа сай болу үшін екі жыл күту қажет болады.

Нарыққа әсері қандай болады?

Қазақстан құрылысшылар одағының Алматыдағы филиалының директоры Тимур Нұртаев бұл өзгеріс тұрғын үй нарығына қысым түсіреді деп есептейді.

– Қайталама нарықтағы баспана бағасы өседі. Себебі үй иелері 10–15 пайыздық салықты үйдің құнына қосып жібереді. Ақыр соңында бұл жүктеме сатып алушының мойнына түседі. Жаңа өзгерістер қолданыстағы үйлердің бағасын арттырары анық, – дейді сарапшы Информбюро31-ге берген сұқбатында.

Саяси және экономикалық факторлар да әсер етеді

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың айтуынша, үйдің қымбаттауына тек ішкі нарық емес, импортқа тәуелділік пен сыртқы факторлар да әсер етіп отыр.

– Үйсіз жүрген қазақ көп, бірақ үй де көп салынып жатыр. Бұл – парадокс. Мұнда нақты талаптар болуы керек. Егер құрылыс компанияларымен әкімдіктердің арасында белгілі бір пайыздар, «откаттар» болмаса, сол қаражат халықтың игілігіне бағытталса, мәселе тез шешілер еді, – деді депутат.

ЗАҢ

Еске салайық, 18 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойды

БАСПАНА БАҒАСЫ

Бұған дейін Жаңа салық кодексі баспана сатуға қалай әсер ететінін жазған едік.