Жаңа Салық кодексі мемлекеттік бағдарлама арқылы салынатын баспана бағасына әсер етпейді. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа Салық кодексінің қабылдануы қарапайым азаматтарға ешқандай кері әсерін тигізбейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда эконом-класс санатындағы баспана «қажетті деңгейде» бағаланып отыр.
– Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін ірі құрылыс компаниялары бизнесті бөліп, шектен тыс пайда табу тәжірибесін тоқтатады. Енді олар салық төлейтін болады, демек пайдасы да азаяды. Бірақ біз аз қамтылған азаматтарға, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында немесе жұмыс істейтін жастарға арналған мемлекеттік тапсырыста бағаны жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес реттеп отырамыз, – деді Скляр.
КОНТЕКСТ
Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енген соң құрылыс салушыларға арналған қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жеңілдіктер жойылады.