ҚТЖ Қытайдан қарыз алды. Бұл шара Қазақстандағы теміржол тасымалының өткізу қабілетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қытайдың Мемлекеттік даму банкі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына 180 млн юань (25 млн доллардан астам) көлемінде алғашқы несие берді, деп жазады Синьхуа. Қаражат 200 локомотив сатып алуға жұмсалады. Несие теміржол тасымалы жүйесін жақсартуға бағытталған.
Контекст
2024 жылдың ақпанында Қытайдың Мемлекеттік даму банкі мен Қытайдың Импорт-экспорт банкі негізін қалаған банк консорциумы КТЖ-мен 3,56 млрд юань көлеміндегі несиелік келісімге қол қойған болатын. Бұл қаражат Қытайдың CRRC Co., Ltd. компаниясынан 200 локомотив сатып алуға бағытталуы тиіс.
– Қытай ұлттық валютасы юаньмен трансшекаралық қаржыландырудың айырбас бағамымен байланысты артықшылықтары арқылы қазақстандық кәсіпорынға тиімді әрі төмен шығынды қаржыландыру тетігі ұсынылды, – деп мәлімдеді Қытайдың Мемлекеттік даму банкі.
Анықтама үшін
Қытайдың Мемлекеттік даму банкі – Қытай Мемлекеттік кеңесіне бағынатын мемлекеттік қаржы институты. Ол негізінен экономиканың негізгі және әлсіз салаларын қолдауға бағытталған. Банктің Астанада өкілдігі бар.