Беларусь Украинамен арадағы шекараға қосымша әскери қосындар орналастыруда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қосымша әскери күштерді Украинамен шекаралас Гомель облысына жіберіледі. Бұл жөнінде Беларусь армиясының арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Вадим Денисенко.
Оның сөзінше, Беларусьтің оңтүстігіндегі жағдай тыныш емес, сол себепті қосымша шабуылдаушы-десант бригадасын құру шешімі қабылданған.
– Қазірдің өзінде батальондардың бірі құрылды. Осы жылдың соңына дейін ол жауынгерлік қосын болады, - дейді Денисенко.
Киевте 1 тамыз қаралы күн деп жарияланған. 31 шілдеге қараған түні Ресейдің зымыран шабуылынан 31 адам қаза болған.