Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
5 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады. Бұл туралы Ақораданың баспасөз қызметі хабарлады.
КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ
Конференция 2025 жылғы 5-тен 8 тамызына дейін “Аваза” ұлттық туристік аймағында, Түрікменстанда өтеді.
Тақырыбы: Driving Progress through Partnerships («Серіктестік арқылы дамуды жеделдету»).
Біріккен Ұлттар Ұйымы, 32 теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер (LLDCs) мемлекеттері, оларға транзиттік мемлекеттер мен даму серіктестері, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, жеке сектор, ғылыми орта және медиа ұйымдары қатысады.