АҚШ атом сүңгуір қайықтарын Ресейге қарата жіберді: Кремль алғаш рет реакция білдірді

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Ұзақ уақыттық үнсіздіктен кейін Кремль Трамптың АҚШ атом сүңгуір қайықтарын Ресейге қарата жіберуіне реакция білді,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ядролық қару төңірегіндегі дауға араласуға құлықсыз екенін айтты. Оның сөзінше, Ресей ядролық қару мәселесіне өте салмақты қарайды.

«Жалпы, әрине, мен мұндай дау-дамайға барғым келмейді және оған ешқандай түсініктеме бергім келмейді. Ресей ядролық қаруды таратпау тақырыбына өте мұқият қарайды және біз бәріміз ядролық риторикаға өте мұқият болуымыз керек деп санаймыз», — деді ол.

Бұл Ресейдің Трамптың екі бірдеу атом сүңгуір қайығын Ресейге жақын аймаққа жіберу туралы бұйрығына алғаш рет реакция білдіруі.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Дональд Трамп екі атом сүңгуір қайығын Ресейге жақын аймаққа жіберуге бұйрық берген. Ол бұл жөнінде өзінің Truth Social желісінде мәлімдеген. Трамп өзінің бұл шешімін Ресейдің бұрынғы президенті, қазіргі қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведеевтің мәлімдемесімен байланыстырған. Медведеев қақтығыс болатынын айтып, бірнеше рет мәлімдеме жасаған.