Дженнифер Лопестің концертінде төбелескен полиция қызметкерінің әйелінің үстінен іс қозғалды

Ulysmedia
скриншот

Дженнифер Лопестің Астанада өткен концертінде төбелескен Павлодар облысы полиция департаменті басшысы орынбасарының әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желіде Дженнифер Лопестің концертінде төбелескен әйелдің видеосы тарады. Полиция әйел адамды стадионнан көтеріп шығарған. Куәгерлер оның мас болғанын айтқан.

Кейіннен әйел адамның Зарина Қожахметова екені айтылған. Ол Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Думан Қожахметовтің әйелі екені белгілі болған.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

– Тексеру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш азаматша полиция қызметкерімен некеде тұратынын хабарлаймыз. Бұл дерек оның іс-әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етпейді, – делінген Астана полициясы таратқан ақпаратта.

56 жастағы америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті 1 тамыда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өткен.