Ресей Украинадағы демалыс базасын әуе бомбасымен атқылады

Ulysmedia
Фото: unian.net

Ресей Украинаның демалыс базасын әуе бомбасымен атқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ресей Украинаның Запорож ауданындағы демалыс базасына әуе бомбасын тастады. Облыстық әкімшілік басшысы Иван Федоровтың сөзінше, Ресей кем дегенде төрт бомба тастаған. Салдарынан екі адам қаза болып, 12 адам жарақат алған. Оның ішінде екі бала бар.

«Ауыр жағдайда бес адам ауруханаға жіберілді», – деді Федоров.

Демалыс базасындағы тоғыз бір қабатты үй бүлінген.