«Мені соттады деген өтірік»: Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергенін жоққа шығарды

Ulysmedia
ulysmedia.kz

Алматыда әйел адамды баспалдақтан итеріп жіберді деп айыпталған «Амантай қажы» атымен танымал Амантай Асылбек желіде тараған видеоға байланысты журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай.
Оның сөзінше, желіде тараған видео шындыққа жанаспайды. Ол тіпті 15 тәулікке, 2 жылға сотталады деген ақпаратты да жоққа шығарды.

«Мені 15 тәулікке соттады деген өтірік. Мен ол спорт алаңына 50 жылдан бері барамын. Таңғы 6-да тұрамын, жаттығу жасаймын. Сол күні спорттық алаңға барғанда, Биғайша деген әйел ішіп алған, алдымнан шығып, мені құшақтады. Мен қолын қағып жібердім», – деді ол.

Контекст

Шілде айында әлеуметтік желіде Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тараған еді. Кейіннен Алматы ПД «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.