АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістанға қарсы жаңа сауда шектеулерін енгізді. Бұған Нью-Делидің Ресейден мұнай сатып алуды жалғастыруы себеп болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Трамптың айтуынша, Үндістан Вашингтон тарапынан бірнеше рет жасалған ескертуге қарамастан, Ресейден жеңілдікпен мұнай алып, Украинадағы соғысты қаржыландыруға көмектесіп, Мәскеуге жанама түрде қаржылай қолдау көрсетіп отыр.
«Үндістан қазір тікелей немесе жанама түрде Ресей мұнайын сатып алып отыр», – деді Трамп.
АҚШ билігі 25 пайыздық жаңа баж салығының нақты қай тауарларға қолданылатынын жарияламады. Дегенмен,сарапшылардың пайымынша, ол негізінен Үндістаннан импортталатын мынадай өнімдерге әсер етуі мүмкін:
Экономистердің айтуынша, бұл шешім Үндістан экономикасына ғана емес, екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасына да кері әсер етуі ықтимал. 2023 жылы АҚШ пен Үндістан арасындағы тауар айналымы 130 млрддоллардан асқан.
Үндістан реакциясы
Үндістан тарапы әзірге ресми жауап бермегенімен, бұған дейін елдің сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар Ресеймен энергетикалық әріптестікті ұлттық экономикалық мүдделермен түсіндірген еді.
«Біз әлемдік нарықта не тиімді соны таңдаймыз. Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздігіміз үшін маңызды», – деген ол.