Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін жариялады

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрлігі биылғы мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімін жариялады.

Министрліктің мәліметінше, грант байқауына 113 мыңға жуық талапкер өтінім берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп. Бөлінген квотаның 99 пайызы игерілген.

Гранттар техникалық, педагогикалық, медициналық және гуманитарлық бағыттар бойынша бөлінген.

Грант иегерлерінің тізімі министрлік пен ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланған. Оны мына сілтемеге өтіп көре аласыз.